Алматыда «Н. Назарбаевтың құқықтық моделі» халықаралық конференциясы өтті

Алматыда «Н. Назарбаевтың құқықтық моделі» халықаралық конференциясы өтті

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық моделі». Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бүгін осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жиынның мақсаты – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы туралы мәселелерін талқылау. Айтулы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Конференцияға қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік басқару үлгісін, «Беделді парламент» тұжырымдамасын талқылады.

Зухту Арслан, Түркия республикасының конституциялық сотының төрағасы:

– Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық, мәдени байлыныс нығайып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Ата-заңдарыңыздың арқасында әлем Қазақстанды демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде таныды.