Отбасындағы жайлылық – Отан тыныштығының кепілі

Отбасындағы жайлылық – Отан тыныштығының кепілі

Отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасының өскелең ұрпаққа арнаған үндеуін тараздық жастар болашаққа бағдарланған тапсырма ретінде қабылдады.

Өз отбасыңа, ауыл-аймағыңа жанашырлық көрсету арқылы Отанды сүйетіндігі көрінеді. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы саналатын отбасы, ошақ қасын жылулыққа бөлеу, жалпыға міндет дейді облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Болатбек Уәлихан.

Болатбек Уәлихан, облыстық мәслихат депутаты:

– Отбасындағы тыныштық мәселелерін шешкеннен кейін ұлттың, ұлыстың, халықтың мұң-пікірін айту керексің деген үлкен бір бағытты айтты. Қазіргі заман ағысына қарай өзіміздің салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді ешқашан ұмытпай барлығын тоғыстырып, бірге алып жүру қазіргі жастардың басты критерийі, міндеті болуы керек деген үндеуде осындай үлкен тезистер айтылды. Бұл қазіргі жастардың негізгі құндылықтарына айналады деп ойлаймын.