Елордада 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды – Бауыржан Байбек

Биыл елордада 7 дәрігерлік амбулатория салынып, 96 көше жөндеуден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл деректер «Nur Otan» партиясы сайлауалды уәделерінің орындалу барысымен танысу кезінде белгілі болды. Саяси ұйым төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек баспана құрылысымен танысып, спорт, білім беру нысандарында болды. Ел астанасы бүгінде көгілдір отынға көшіп жатыр. 10 мыңнан астам жекеменшік үйге газ тартылыпты. Осы ретте жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының, Президентіміздің саясаты әрбір қарапайым азаматқа жағдай жасау. Партия тарапынан газ мәселесін, су мәселесін, жол мәселесін шешуге қыруар ақша бөлініп жатыр. Сондықтан біздің қаламыз сапалы болуы керек.