Ақтауда Т.Әлниязұлы мен ақын Қашаған ескерткішінің айналасы абаттандырылды

Ақтауда Т.Әлниязұлы мен ақын Қашаған ескерткішінің айналасы абаттандырылды

Сәулет мүсіндерінің тозып тұрғанын бұған дейін айтқан болатынбыз, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әсіресе 10-шағын аудандағы Қашаған монументінің гранит тақталары сынып, алдындағы орындықтар қирап жатты. Сол жердегі электр желісінің ашық күйде тұрғаны тұрғындардың наразылығын тудырды. Бүгінде мәселе шешілді. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 65 млн теңге мен демеушілер қаржысы жұмсалды. Енді шаһар билігі 5-ықшам ауданда тұрған Жалау Мыңбаев ескерткішін қалпына келтіруге жоба құжаттарын әзірлеп жатыр.

Дос Көшім, саясаттанушы:

- Тобанияз атамыздың ескерткіші жаңартылып, жаңа тұғырға қонып жатқаны құтты болсын дейміз. Біз тек ескерткіш қойып, марапаттап еске алып жатырмыз. Ендігі әңгіме - олардың идеясын жаңғыртуда. Солардың алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру деп ойлаймын.