Аягөзде бес отбасы баспана кілтін алды

Аягөзде бес отбасы баспана кілтін алды

Қоныс тойын Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы 5 отбасы да тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар Тұңғыш Президент күні қарсаңында пәтер кілттерін алды. Жаңа үйлер «Бір қабатты шығыс» бағдарламасы аясында салынған. Банк салымшыларына бастапқы жарнаны төлеуге мемлекет жәрдемдесті. Биыл Аягөз ауданында 60 шақты отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін ауданда тағы 73 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Ал пәтер кезегінде әлі 1262 адам бар.

Жанар Жамашева, Аягөз қаласының тұрғыны:

– Бізге өте тиімді болды, 10 процентін ғана құясыңдар деді. Бірақ әкімшіліктен бізге 10 пайызын беріп тұр сыйлық, көмек ретінде. Үйіміз өте жылы, жаңа бәрі, заманауи техникамен.

Медет Тәтенов, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары:

- Әр үйдің құны 12 миллион теңгені құрайды, 80 шаршы метр. Осымен қатар арендалық үйлер салынып жатыр Аягөз қаласында. 2020 жылы 20 отбасыны үймен қамтамасыз еттік, міне 2021 жылы 58 отбасы арендалық үймен қамтамасыз етілді.