Елде криптобиржа базасы құрылады  

Қайрат Келімбетов криптовалюталарға инвестиция салуды құптамайды. Ол бұл туралы Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Бүгінде Қазақстанда жеке криптовалюталарға тыйым салынған. Алайда бүкіл әлемде бұл сектор қарқынды дамып жатқанын байқауға болады. Себебі оларға салынған инвестиция қазірдің өзінде 2 трлн доллардан асты. Қайрат Келімбетов Президент тапсырмасымен биржаны бағамдауды қолға алған. Тіпті ол үшін арнайы база дайындалып жатқанын айтты.

Қайрат Келімбетов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы:

– Жалпы сіздің cryptocurrency көзқарасыңыз?

– Криптовалюталарға инвестиция құю басталған кезде нарық 500 млрд еді, қазір 2 трлн АҚШ долларын құрайды. Қазір көптеген елдерде криптовалюта рұқсат етілген. Бірақ бұл әр адамның жеке тәуекелге баруы дер едім. Мемлекет бұл  үшін жауап бермейді. Менің ойымша, мұнда тұтынушылардың құқықтары нақты көрсетілуі керек.

– Ал сіз өзіңіздің отбасылық бюджетіңіз үшін мұндай валюталарды сатып алмадыңыз ба?

– Мен отбасы бюджеті үшін тәуекелге бармас едім.

Сонымен қатар Ұлттық Банк басшысы және бұрынғы экономика министрі Қайрат Келімбетов мобильдік аударымдар жүйесін реттеуге қатысты пікір білдірді. Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты қолма-қол төлемдерге оралуымыз әбден мүмкін. Алайда Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік басшысы мобильдік аударымдар жүйесін әлі де сақтау қажет деп санайды.

Қайрат Келімбетов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы:

– Революция жүріп жатыр. Қолма-қол ақшадан банктік аударымдарға өтіп жатыр едік. Менің ойымша, бұл процесті тоқтатуға болмайды. Ел үшін маңызды және қажетті процесс. Екінші жағынан, салық салу мәселелері бар жерлерде мұны қаржы реттеушімен, ҰБ-пен, нарық қатысушыларымен нақты жолға қою керек еді.

Осы маңызды сұқбатты бүгін «Хабар» телеарнасында 22:30-да «Ерлан Бекхожинмен национальный интерес» бағдарламасынан көре аласыз.