Зейнетақы қорынан Отбасы банкіне үш күнде 46 000 қазақстандықтан өтінім түсті

Қазір солардың 43 мыңнан астамы enpf-otbasy.кz платформасы арқылы арнайы шотқа ақшаның түскенін күтіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Айта кетерлігі, тек 3 желтоқсанда 16 мың қазақстандық өтінім жіберген. Бұл өтініштер бойынша Отбасы банктегі арнайы шотқа 242 миллиард теңге аударылуы тиіс.

Мамандардың айтуынша, жай күнде мұндай операцияларға 2200 өтініш түсіп отырған. Зейнетақы жинақтарын тұрғындар негізінен тұрғын үйді толық сатып алу, ипотеканы ішінара өтеу және отбасы банктегі қарыздардың бір бөлігін өтеу үшін алады. Сондай-ақ өз қаражатын туыстарына беру де жиі кездеседі.