А. Цой жаңажылдық кештерден бас тартуға шақырды

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға жаңа жылдық кештерден бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, жақында пайда болған коронавирустың омикрон штамы әлі толық зерттелмеген.

Ведомство басшысы вирустың тарауын шектеу үшін Жаңа жылды үйде қарсы алу қажет екенін атап өтті. Мәселен, өзі басқаратын минситрлікте биыл ешқандай салтанатты кеш болмайтнын айтты.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Әзірге Қазақстанда омикрон штамын жұқтырғандар тіркелген жоқ. Мамандар тиісті мониторинг пен лабораторияларда зерттеулер жүргізіп жатыр. Жақында біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездестік. Сол жиында омикрон штамының таралуы мен ағзаға қалай әсер ететіні жайлы ақпар алдық.