Қарағанды облысында «Ұлытау» ұлттық паркі ашылды

Қарағанды облысында «Ұлытау» ұлттық паркі ашылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.

Орталықтан орын тепкен ұлттық парктің жалпы аумағы 58,9 мың гектар. Мұнда ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жан-жануарлар бар. Қазір елде 13 ұлттық парктің барын білеміз. Ұлытау - он төртінші. Бұл паркті құруды Президент міндеттеген еді. 

Үкімет Қаулысына сәйкес, «Ұлытау» МҰ табиғи паркі құрылды. Бұл 14-ұлттық парк. Еліміздің экожүйесін қорғау жолындағы елеулі жетістік деуге болады. ҚР ЭГТРМ  табиғатты қорғау жолындағы кешенді жұмыстарды жалғастыра береді.