Қазақстан жаңа энергия көзіне көшу рейтингінде 83-орында тұр

Қазақстан жаңа энергия көзіне көшу рейтингінде 83-орында тұр

Әлем көмір жағуды біржолата тоқтатпақ. Жанармай мен газдан да құтылудың амалын таппақ. Өйткені экологияның тепе-теңдік қалпынан айрылып қалуымыз мүмкін.

Егер бұлай болса гироэлектрстанциялардың да көмегі азаяды. Елдің алды қазір жел, күн, атом қуатын пайдалануға көшті. Қымбат, бірақ ізденсе оның да арзан көзін табуға болады. Бірақ бұл жағынан біз мақтана алмаймыз. Жаңа энергия көздеріне көшу рейтингінде Қазақстан қазір 115 елдің арасында 83-орында. Соңғы 10 жыл ішінде 92 ел таза энергияға көшу көрсеткіштерін жақсартты, бірақ солардың тек 10%-і ғана айтарлықтай жетістікке жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында айтылды. Біздің елде 2020 жылы жаңғыртылатын энергия көздері нысандарының электр қуатын өндірудегі үлесі өзгерген жоқ. ETI 2021 рейтингінде Скандинавия елдері Швеция, Норвегия және Дания көш бастап тұр. Жаңа эненергия көздеріне көшуде кейбір көрші елдердің көрсеткіші Қазақстаннан жақсы. Мысалы, Армения 57-орын, Ресей 73-орын және Тәжікстан 75-орында. Қырғызстанда жағдай нашар 94-орын. Рейтингтегі соңғы орындарда Моңғолия, Гаити және Зимбабве тұр.