Петропавлда жаңа полиция бекеттері ашылды

Петропавлда жаңа полиция бекеттері ашылды

Петропавлда жаңа екі модульдік полиция бекеті ашылды. Олар қаланың шетіндегі – Береке және Былғары зауыт ықшам аудандарының тұрғындарына тәулік бойы қызмет көрсетеді.

«Бұл қоғамдық тәртіпті нығайтып, жергілікті жұртқа дер кезінде көмек қолын созуға мүмкіндік береді», – дейді мамандар. Нысандар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Көшелерге бірнеше бейнекамера орнатылған. Жыл соңына дейін облыс орталығында тағы екі бекет іске қосылады.

Қанат Айтбаев, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

– Бұл бекеттердің негізгі мақсаты – адамдарға, тұрғындарға жақын болу. Яғни қадамдық қол жетімділік болып табылады. Осы өткен айда анализ бойынша 200-ден астам қала тұрғыны осы пунктерге әр түрлі сұрақтармен келіп жүгінген.