Асқар Мамин Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік монументінің ашылуына қатысты

primeminister.kz

Үкімет басшысы ШҚО-ға сапарында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Хабар 24 primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Монументтің биіктігі – 15,7 м, диаметрі – 10,9 метр. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф орнатылған. Монументтің орталық бөлігінде үш бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіндері орналасқан, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты» деген дәйексөзі үш тілде жазылған.

«Тәуелсіздік монументі ел тарихындағы көптеген дәуірлік оқиғалар мен оның қалыптасу кезеңдерін бейнелейді, мемлекетіміздің біртұтастығы мен беріктігінің белгісі», – деді А. Мамин Тәуелсіздік монументінің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Шара барысында Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, тәуелсіздік күніне орай өңірдегі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен жұмысшыларына, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.