Шымкенттіктер енді жолақысын QR-код арқылы төлей алады

Шымкенттіктер енді жолақысын QR-код арқылы төлей алады
vechastana.kz

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақысын енді QR арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Ол үшін валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR-кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR-код бойынша оп-оңай төлей аласыз.

Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсету қажет.

QR код арқылы жол ақысын төлеген жағдайда бірыңғай 70 теңге екенін ескертеміз. Оқушылар мен студенттер валидаторға тек төлем картасын тигізуі арқылы ғана өз тарифтерін (35,50 теңге) пайдалана алады.

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Tolem» электронды жүйесі іске қосылған болатын. Қала тұрғындарына электронды төлем жүйесін барынша қолайлы ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.