Өнертапқыш студент Алматыда «Ақылды үйі» жобасын жасап шығарды

Алматылық талантты студент Жанғали Мақсұтов арнайы цифрлы кодпен басқарылатын «Ақылды үй» жобасын жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа технологияларды меңгеруді мақсат еткен Жанғали 4 курста оқиды. Бұл жүйе әртүрлі апаттардың алдын алып, хабар береді. Үйдегі электр сымымен бірге өрт, газ, су және дірілді көрсететін дабыл қондырғылары бірге жүргізіліп, орнатылады. Жүйе арнайы цифрлы кодпен басқарылады.

Өнертапқыш студенттің айтуынша, егер апатты жағдай болса ақпарат ұялы телефонға хабарлама болып түседі. Сол сәтте үйдің иесі қашықтан тоқты немесе газ пешін сөндіріп, апаттың алдын алады. Макетті құрастыруға 100 мың теңге қаражат жұмсалыпты. Ал жер үйге жасалатын болса, құны 2-3 есе артады. «Ақылды үй» тың жоба емес. «Мақсатым еуропалық жүйені негізге ала отырып, қазақстандық үлгісін жасап шығару», дейді Жанғали.

Жанғали Мақсұтов, студент:

–Бұл 24 вольтпен жұмыс істеу себебі мысалы, өрт шыққан жағдайда датчиктер жұмыс істеп тұра береді. Ал 220 вольт сөндіріледі. Өйткені адам өміріне 220 вольт қауіпті болғандықтан өмірге зияны тимесі үшін автоматты түрде осы Ақылды үй жүйесі жұмыс істеп, өрт шыққан кезде 220 вольтті сөндіріп тастайды. Дыбыстық көмекші. Енді соның қазақша үлгісін жасап, осы үйге орнататын ойым бар. Яғни үйде жүріп, қазақша мына бөлменің жарығын қос деген кезде қосып өзі істей беретіндей. Қазақша түсінетіндей.

Жұлдыз Кәлпеева, институт директорының орынбасары:

– Бұл «Ақылды үй» жобасы Жанғалидың алғашқы жобасы емес. Мұның алдында да қазақ тілінде сөйлейтін робот жасап шығарған өнертапқыш студентіміз. Жанғали жобаларының ерекшелігі қазақ тіліндегі программалық қамтаманың дамуына зор үлес қосуда. Бұндай талантты жастарды қолдауға университетімізде барлық мүмкіндіктер жасалған.