Ресейден келер жылы электр энергиясын сатып аламыз – министр

Ресейден келер жылы электр энергиясын сатып аламыз  – министр

Энергетика министрі келесі жылы электр энергиясын Ресейден сатып аламыз деді.

Мағзум Мырзағалиев бірқатар өңірде қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығы сезіліп жатқанын айтты. Сондықтан алдағы жылы көрші елден 1 мың мегават электр энергиясын сатып алу көзделіп отыр. Бірақ ол үшін бюджеттен қаражат бөлінбейді деп сендірді. Жеке инвесторлардың ақшасына алмақ. Сондай-ақ министр электр тапшылығы елде әлі 5 жыл сезілуі мүмкін екенін ескертті.

Мағзум Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

– Келесі жылы Ресейден 500-ден мың мегаватқа дейінгі электр энергиясын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ әзірге бағасына келіспедік. Қанша болатынын қазір айта алмаймын. Қаражат инвесторлардан алынады. Сондай-ақ, электр энергиясының тапшылығы әлі 5 жылдай сезілуі мүмкін екенін ескертемін. Өйткені, осы тапшылықты жою үшін бізге жаңа станциялар салу керек. Ал оның құрылысына осы 5 жылдай уақыт кетеді.