Б.Сағынтаев: Қаладағы жағдай билік бақылауына алынды

Forbes.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада болған қақтығыс пен экстремистік әрекеттердің артында ішкі және сыртқы арандатушылар тұрғанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар ұсталып, бүлік салушылар анықталып жатыр. Қаладағы жағдайды билік бақылауына алды. Мемлекет басшысы Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл заңдылық пен тәртіпті қалыпқа келтіру, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жолындағы маңызды шешім деді қала әкімі. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында әкімдік тынбай жұмыс істеп жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті