Алматыдағы ірі сауда желілерінің жұмысы жанданады

Almaty.tv

Жақын күндері Алматыда бірқатар ірі сауда желілері мен көтерме сауда нүктелері ашылады.

Бұл туралы бүгін қала билігі хабарлады. Бұған дейін шаһарда ірі сауда желісінің екі дүкені ашылғаны туралы айтылған болатын. Қала билігі көп ұзамай жағдайды қалыпқа келтіріп, тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Әзірге тұрғын үй жанындағы дүкендерге тиісті азық-түлік жеткізіледі. Сондай-ақ тұрғындарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтып отыруда басты назарда деді қала әкімі.  

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті