Елордада коменданттық сағат уақытын сақтау маңызды

Елордада коменданттық сағат уақытын сақтау маңызды

Қалада коменданттық сағат уақытында жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Яғни жолаушы әуежай немесе темір жол вокзалына бара жатқан болса, өзімен бірге билет және жеке куәлігін алып жүруі тиіс. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Сондай-ақ жолаушыларға жағдай жасау үшін кешкі 9-дан таңғы алтыға дейін Халықаралық әуежай мен «Нұрлы жол» вокзалы арасында арнайы автобустар қатынайды.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 23.00-ден таңғы жетіге дейін коменданттық сағат. Осы уақыт аралығында көшеге шығуға тыйым салынған.