Ақтауда ТЖД өкілдері дәмханаларды өрт қауіпсіздігі туралы ескертті

Ақтауда ТЖД өкілдері дәмханаларды өрт қауіпсіздігі туралы ескертті

Кейінгі 4 жылда Маңғыстау өңірінде газ жарылысынан 7 адам опат болды. 10 тұрғын жарақат алды. Өткен күзде Ақтауда мұнда екі қабатты дәмхананың түгі қалмай атылып кеткені белгілі.

Абырой болғанда, ол кезде жұмыс аяқталып, іште ешкім болмаған. Осы себепті қазір өрт сөндірушілер дәмханаларды аралап, сақтандырып жүр. Жалпы қала аумағында 300-дей қоғамдық тамақтану орыны бар. Құтқарушылар көпшілік шоғырланатын жерде газ баллон қолданудың аса қауіпті екенін ескертеді.

Мұрат Мұқанов, өңірлік ТЖД басшысы:

- 2018 жылдан бері облысымызда 9 жарылыстар орын алды. Оның 6-уы мекемелерде болса, 3-уі тұрғын үйлерде. Ақтау қалалық газ-техникалық инспекция бөлімімен бірігіп төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында осындай іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жыл бойына ұйымдастырылады.