Арман Оспанов Хабибтің промоушеніндегі жекпе-жекті сәтсіз аяқтады
Қазақстандық файтер Арман Оспанов Eagle Fighting Championship 44 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Арман Оспанов (11-5) франциялық Дилан Сальвадормен (4-1) кездесті.
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ ол екінші раундта 28 жастағы француздың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңілді.
Жекпе-жек бүгін таңертең Майамиде (АҚШ) өтті.
Айта кетейік, бұл Оспановтың бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі.