«Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруі елордадан бастау алады   

«Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруі елордадан бастау алады   

Қазақстанның бас қаласы «Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруінің бастапқы нүктесі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағыт 17 елдің аумағын қамтиды деп жоспарланып отыр. Делегация 3 шілдеде жолға шығады. Алғашқы бағыт 4 елдің аумағында өтеді: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Грузия. Келесі бөлігі АҚШ аумағын қамтиды, үшіншісі Алматыда басталып, Джаганапурада аяқталады. Биыл Бейбітшілік және келісім маршы 16 рет өтеді. Онда әр елдің ту шеруі жоспарланған және дінаралық диалогтың жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Қазақстаннан 30 адам шеруге қатысады деп жоспарланған.

Руслан Абдуллин, халықаралық бейбітшілік және келісім марштарының атқарушы директоры:

Біз әр қалада келісім бойынша 10 мың адам осы халықтық мерекеге қатысады деп ойлаймыз. Ақпараттық іс-шараны бастап та кеттік. Сондай-ақ достық керуенін дайындаймыз. Бейбітшілік пен келісім керуеніне әр қаладан өз автокөлігімен жүретін кез келген адам қатыса алады. Бұл ұлттар арасындағы берік қатынасты көрсетеді деп сенемін.