Pfizer компаниясының бір жылдық кірісі 2,5 есе артты

Pfizer компаниясының бір жылдық кірісі 2,5 есе артты

Pfizer фармацевтикалық компаниясының пайдасы бір жылдың ішінде 2,5 есеге артып, 22 миллиард доллар болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, covid-ке қарсы екпеден түскен кіріс мөлшері 2 миллиард доллардан 14 миллиардқа дейін өсті. Жоспар бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін компанияның таза табысын 100 миллиард долларға дейін жеткізу көзделген. Статистика бойынша Pfizer, BioNTech пен Moderna алпауыт компаниялары ковидке қарсы өндірген препараттары үшін  әр минут сайын 65 миллиард доллар табыс табады.