Қостанайда жылу ақысы арзандайды

Қостанайда жылу ақысы арзандайды

Қостанайлықтар үшін жылу ақысы арзандайды. Бұған табиғи газ бағасының төмендеуі себеп.

Бірінші ақпаннан бастап аймақты газбен қамтушы компанияға көгілдір отын 2,6 процентке арзан сатыла бастады. Осыған байланысты табиғи монополияларды реттеу департаменті жылумен жабдықтаушы 9 мекемеге тарифті түсіру туралы нұсқама берген. Әзірге оны алты ұйым мақұлдады. Жалпы жылудың жаңа тарифі қалалар мен аудандарда әркелкі болады. Мысалы, облыс орталығының тұрғындары наурыз айынан бастап 1,4 процентке аз төлейді.

Ілияс Елемісов, табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

- Облыс тұрғындары арзандатылған түбіртекті сәуір айында ала бастайды. Жалпы тариф 1,13-1,5 процент аралығында төмендейді. Бұған қоса біз қаңтар айын да есепке аламыз. Ол кезде газ бағасы қымбат болғандықтан сол айға қайта есептеу жүргіземіз.