Баршаның назарына! Қазақстан бойынша дабыл қағылады

Ертең бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қағылады. Яғни, сағат 9-дан 12-ге дейін республикалық құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған. Осы уақытта телевизиялық және радиоарналардың эфирінде хабарлама таратылады.

Жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында осы іс-шараның өтетіндігін Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті хабарлады. Ведомство қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылымдардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығын тексермек.

Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

– «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдын-ала ескерту құралы. Дыбыстық сигналды естіген соң, теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, орын алған жағдайда одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулық алу үшін сайттар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып шығу қажет.