Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дами бастады

Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дами бастады

Эпидемиологиялық жағдай мен шекарадағы карантиндік шектеулер елге келетін туристердің санын күрт төмендеткен. Алайда ішкі туризмнің қарқынды дамығаны байқалады. Былтыр ішкі туристер саны 5,2 миллионға жетті. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Әсіресе, Алматы тау кластерінің ұлттық парктеріне келетін саяхатшылардың  саны еселеп артқан. Сондай-ақ ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялық жобалар қолға алына бастады. Бүгінде 1,5 трлн теңгенің 46 инвестициялық жобасы пысықталып жатыр. Бұл қосымша 7 жарым мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деді Мәдениет және спорт министрі.