Семей тұрғыны лезде ойналатын лотереядан қомақты ұтысқа ие болды

Семей қаласының тұрғыны лездік лотереядан екі миллион теңге ұтып алды. Бағын сынап көру туралы ой аяқ астынан туған. Ол «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясының «Таға» билетін сатып алғанда жолы болады деп мүлдем ойламаса керек. Енді өзінің алғашқы қомақты ұтысын 8 жастағы немересін емдеуге жұмсамақ.

Сол күні Юрий Усманов әдеттегідей жұмысқа бет алған. Жолда көлігіне қажет бөлшек алу үшін базарға барыпты. Әрі бағын сынап көрмекке бел буыпты. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы ұсынған «Таға» лездік ұтыс ойынының үш билет сатып алған азамат 2 миллион теңге ұтысқа ие болған.

Юрий Усманов, қала тұрғыны:

- Сатушыға мың теңге бердім. Ол маған таңдауға карталар ұсынды. Бастапқыда ешқандай ұтыс шыққан жоқ. Сатушы "ер кезегі үшке дейін, тағы бір рет ойнап көріңіз" деді. Сонымен үшінші билетті алдым. Бұдан да еш ұтыс болмады ма деп едім, сатушы «жоқ, сіз 2 миллион теңге ұттыңыз» дейді. Алғашында сенер-сенбесімді білмей қатты таңырқап қалдым.

Компания өкілдерінің айтуынша, осындай қомақты жүлдеге кез келген адам қол жеткізе алады. 

Индира Қалиақбарова, «Сәтті жұлдыз» АҚ Сату департаментінің аға менеджері:

- Кез келген адам жеңімпаз бола алады. Біздің тұрақты ойыншыларымыз да бар. Біздің лотереяларды сауда нүктелерінен сатып ала аласыз. Лездік лотереяның 9 түрі, ұтыс ойынының 5 түрі бар. Лездік лотереяда 500 теңгеден 2 мың теңгеге дейін ұтысқа ие бола аласыз. 

Юрий Усманов құжат рәсімдегеннен кейін 1 ай уақыт ішінде екі миллион теңгеге қол жеткізе алады. Жеңімпаз өз ұтысын 8 жастағы науқас немересін емдеуге жұмсауды ұйғарыпты.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын тағы бір қала тұрғыны дәл осындай лотереядан 25 миллион теңге ұтысқа кенелген. Ал 6 наурызда "Телебингода" Toyota Camry-дің арнайы ұтыс ойыны өтеді. Қосымша ұтыс ойынына қатысу үшін бір чекпен бес "Телебинго" билетін сатып алу керек.

Гүлдария Шамұратова, Әсем Өтешова