Атыраудағы емханаларда ПТР-тестілеудің заңсыз өткізілгені анықталды

Атыраудағы емханаларда ПТР-тестілеудің заңсыз өткізілгені анықталды

Қаладағы №4 емхананың өзінде 20 адамға ПТР-тесттен тегін өту жолдамасы заңсыз берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір ғана медициналық мекеменің өзінде 162 мың теңге қазына қаржысы желге ұшқан. Қалалық прокуратура жүргізген тексеру кезінде тағы төрт емхананың осындай заңсыздыққа жол беріп, 200 адамның ПТР-тестілеуге тегін жолдаманы негізсіз алғаны анықталды. 1 жарым миллионнан астам келтірілген шығын қазынаға қайтарылды.

Нұржан Әбілов, қала прокурорының орынбасары:

– Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес емханаларда кешенді тексеру жұмыстары жүргізілген. Яғни мұнда дәрі-дәрмек беру, соның ішінде ПТР-тестілеу де қамтылған болатын. Қазіргі уақытта ПТР-тестілеу бойынша заң бұзушылықтар анықталды.  5 емхана бойынша 5 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.