Қазақстандық «Бақыт гүлдері» Парижде өтіп жатқан сән апталығына қатысты

Парижде өтіп жатқан сән апталығының бірінші күні, қазақстандық Omabelle бренді киім жиынтығын ұсынды. Осы саланың кәсіпқойлары дебютантты жылы қабылдап, тіпті ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Осы подиумда ұсынылған киім алдағы күз бен қысқа маусымдарына арналған. Бірінші күнгі байқау қазақстандық Omabelle брендінің көрсетілімімен аяқталды. Дизайнер Айдана Омарова өз топтамасында көлемді киім, неон түстері, ерекше пішін секілді моданың бүкіл трендін барынша қолданды.

Кеина, стилист, Posture агенттігінің негізін қалаушы:

 – Оның осында Еуропада және одан тыс елдерде де өзіндік орны бар деп санаймын. Бұл бренд бірнеше мәдениетті біріктіре алады, өйткені әр адам мұнда өзіне жарайтын заттар таба алады.

Марсела Сантамария, радиожүргізуші

– Тап қазір дизайнердің инстаграмын қарап отырмын. Жұмысы керемет, өте әдемі, өзі де өте дарынды екен. Өзге елдердің дизайнерлері жетістікке жету үшін Парижге келетініне ризамын.

Брендтің тең иесі және бас дизайнері үшін бүгінгі көрсетілім - жаңа нарыққа шығу жоспарының бір бөлігі. Қазір Omabelle киімі Қазақстан, Біріккен Араб әмірліктері мен Италияда сатылып жүр. Париждегі дефиледен кейін бұйымдары жергілікті шоурумдарда ойып тұрып орын алары сөзсіз. Осындай байқауларға үнемі баратын атақты тұлғалардың стилистері де бұл киімлдерге көз салуы мүмкін.

Айдана Омарова, Omabelle брендінің дизайнері:

– Ұсыныстардың түсіп жатқаны шабыттандырады. Осы елде өз жиынтықтарымызды көргіміз келеді.

«Бақыт гүлдері» деп аталған бұл топтама Париждегі дефиледен кейін мода үйінің негізгі тұтынушылары – Қазақстан сәнқойларына қолжетімді болады.

Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан