Ақтөбе облысының тұрғыны лотереядан қомақты ұтыс алды

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясына қатысқан тағы бір қазақстандық миллионер атанды! Сату орындарының бірінен кездейсоқ билет алған ақтөбелік бойжеткен мол жүлдеге ие болды. Бір сәтте 5 миллион теңге ұтқан ол, жеңімпаз атанғанына әлі де сене алмай жүр. Күтпеген жерден қуанышқа кенелген облыс тұрғыны енді қаржының бір бөлігін игі іске бағыттамақ.

Бұған дейін бірнеше рет лотореяға қатысып, азын-аулақ жүлде ұтқан 20 жасар бойжеткен бұл жолы мол олжаға кенелгеніне қуанышты. Себебі бес миллион жасырылған билеттің өзге емес, өзі тұратын Ембі қаласынан табылып, қолына тиетінін мүлде күтпепті. «Қазпошта» бөлімшесіне соғып, ұтыс билеттерін салып алуы нағыз тосын сый болды. Лезде ойналатын үш лотоның екеуі жүлдеге кенелтті.

Ұлттық лотерея жеңімпазы:

- Біріншісінде ойнағанда 5000 теңге шықты. Екіншісінде шыққан жоқ. Осы шыққан ұтысыма ойнап тастайын бәріне деп, сол үшіншісін ойнағанда осы 5 млн шықты. Ұтамын деп ойлаған жоқпын. Енді бұйырса, телефон алу керек. Алдында мен соткамды сындырып алып, сол соткамды жасатпай жүр едім. Қалған ақшамды мама-папама берем және де қайырымдылыққа жұмсайтын ойым бар.

 «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясына кез келген адамның қатысуына болады. Ол үшін сауда орындары мен пошта бөлімшелерінен 100 теңгеден басталатын түрлі билет сатып алу қажет. Үміткерлерге лездік және тираждық лотереялар ұсынылады. Бірақ екеуінен де миллиондар ұтып алу мүмкіндігі өте зор. Қазір көпшілік көктем мерекелерінде сыйлық үшін ұтыс билеттерін алуды әдет қылған.

Светлана Ахметова, Мұғалжар аудандық пошта байланыс торабы басшысының орынбасары:

- Тираждық лотереялар келесі күні ойнатылады. Одан да миллионер болуға болады. Лездік лотереялар сол бойда ойнап, оператордан 15 мыңға дейін ұтысты алып кетуге болады. Келе жатқан мейрамдарға клиенттер өзінің туыстарына, жақындарына осы лотереяның ұсынып, сыйлауларына болады. Жақсы көңіл сыйлайды және миллионер болуына мүмкіншіліктері бар.

Ұлттық лотерея басталғалы ұтысқа қатысып, елдің әр өңірінен мол ақшалай жүлдеге ие болғандар аз емес. Қазірдің өзінде «Наурыз GO» деп аталатын кезекті науқан жүріп жатыр. Одан 500 мың теңгеге дейін ұтуға болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев