Атбасарлықтар мұз жаруға кірісті

Атбасарлықтар мұз жаруға кірісті

Ақмола облысының мамандары мұз жара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өңірде, әсіресе, Атбасар қауіпті аумақ саналады. Кешелі бері Жабай, Жыланды және Есіл өзендерінің мұзы 10 шақты жерден қопарылды. Мамандар мұз жару жұмыстары, әсіресе, көпірлерінің маңы мен өзендердің бұрылысында жүргізілетінін айтады. Одан бөлек, өткелдердің асты тазартылып, елді мекендерден қар шығарылып жатыр. Жалпы биыл Ақмола облысында 100-ден астам ауылды су басу қаупі бар. 

Ерболат Әшкенов, Атбасар аудандық ТЖ бөлімінің басшысы:

– Егер біз бұл жұмыстарды жүргізбейтін болсақ, көктемгі су тасқыны кезінде өзен арналарында мұз кептелісі болады да, елді мекендерді су басу қаупі жоғарылайды. Сондықтан бұл шараларды уақытында жүргізген абзал. Жалпы Атбасар ауданы бойынша 16 елді мекен су басу қаупі төніп тұр. Осы елді мекендерді сақтап қалу үшін бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

Ақылбек Баяхметов, төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:

– Қолымызда сонымен қатар 60 дана жүзу техникасы, қауіпті аймақтарды зерттеуге арналған бір тікұшақ, 200 бірлік көшпелі және жылжымалы мотопомпалар бар.