Шымкентте де күн райы құбылды

Шымкентте жауын-шашыннан соң ауа райы қайта құбылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар көктемде жауған ақ қардан абдырап қалды. Ал шаруалар ауа температурасы төмендегендіктен, егін мен бақша өнімдерін үсік шала ма деп уайымдап отыр. Гүлдеген жеміс ағаштарын суық ұрып, табиғаттың тосын мінезіне шыдамауы мүмкін. Тұрғындар ағаш көшеттерінің түбіне от жағып, жылытып жатыр.