Биыл егістік алқабы 125 мың гектарға артады

Биыл егістік алқабы 125 мың гектарға артады

Ел бойынша биыл 23,1 млн гектар жерге егін егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғыдан 125 мың геактарға артық. Дегенмен бидай егу алаңы 285 мың гектарға азайтылмақшы. Ал жем-шөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн гектарға жетеді. Көкөніс дақылдарының баяулауы байқалады, бақша дақылдары 2 мың гектарға төмендеді. Күріш алқабы 6,5 мың гектарға азайып, 89,9 мың гектарға егіледі. Майлы дақылдар алқабы 61,7 мың гектарға азаяды. Зығыр, мақсары және қыша сияқты дақылдар мен күнбағыс алқаптары ұлғайтылды.