Мәжілісте мақұлданған медиация жайлы конвенция бекітілді

Мәжілісте мақұлданған медиация жайлы конвенция бекітілді

Парламенттің жоғары палатасы Мәжіліс мақұлдаған БҰҰ-ның медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, медиацияға қызығушылық артып келеді. 2019 жылы Сингапурда қабылданған конвенция медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық келісімдерді қатысушы мемлекеттердің аумағында мойындап, орындауды көздейді. Бұған дейін осындай бірыңғай тетік болмаған. Құжатқа сәйкес татуласу келісімін орындау ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Медиация нәтижесінде қол жеткізілген келісімдерді орындау тәртібі «Медиация туралы» ҚР Заңының және ҚР Азаматтық процестік кодексінің ережелерінде көзделген.

Қанат Мусин, ҚР әділет министрі:

Конвенцияны ратификациялау соттан тыс медиацияны жетілдіруде оң қадам. Ол халықаралық саудаға жәрдемдесудің маңызды құралы және коммерциялық тараптардың халықаралық келісімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді.