Баланың сау көзіне операция жасаған дәрігер жұмыстан шығып кетті

Алматыда баланың оң көзінің орнына сол көзіне операция жасаған дәрігер өз еркімен жұмыстан шығып кетті.

Бұл туралы қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов хабарлады.

Айтуынша, маманға аурухана басшылығы тарапынан ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Және медициналық мекеменің өкілі бұл операция кезінде дәрігерлік қате болмағанын мәлімдеді.

Дінмұхамед Рузуддинов, қалалық БШМКК орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Егер операция кезінде дәрігер бала наркозда жата беру керек еді. Дәрігер операцияны тоқтатып, шешіну керек болған. Анасына бару керек болған. Қайта келіп, қайтадан жуынып, қайтадан операцияға кіру керек болған. Қанша уақыт жоғалтып жатырмыз. Біздің дәрігердің ешқандай жаман ойы болған жоқ. Тек баланың денсаулығын наркоз беріліп тұр. Уақыт жоғалтпай, көріп тұрған нәрсені, шығып тұрған халязионды алып тастайын деген бір ғана ой болды. Дәрігердің тарапынан қателік болған жоқ. 

Кеше Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде баласына операция дұрыс жасалмағанын айтты. Дәрігерлер операция кезінде жеткіншектің оң көзіндегі теріскен жазылып, сол көзіне шыққанын байқаған. Сондықтан ақ халаттылар дәл сол уақытта осындай шешім қабылдады. Бала ауруханадан шығып, үйіне жіберілді.  

Дінмұхамед Рузуддинов, қалалық БШМКК орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Анализ жинағанда анасы емханада, сол көзінде болмаған, оң көзінде болған. 5 күннің ішінде оң жақ қабағындағы теріскен жазылып кетеді. Жазылып кеткен нәрсеге неге біз операция жасауымыз керек?