Ұлытаулық қарт жиһанкез еліміздің 18 қаласын жаяу аралмақшы

Ұлытаулық қарт жиһанкез еліміздің 18 қаласын жаяу аралмақшы

72 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашов 800 шақырымнан астам жолды артқа тастап, Түркістан облысына жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қараша айына дейін Қазақстанның 18 қаласын жаяу аралап шықпақшы. Марафоншы жүрген жерінде Ұлытау тарихын таныстыра отырып, әр өңірдегі қолөнер шеберлері туралы тың деректерді де жинақтауды мақсат еткен. Осылайша Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасап шығуды қолға алыпты. Сонымен қатар «Көкмайса» ұлттық қымыз мерекесін насихаттай отырып, қайта жандандыруды көздейді. Еңбек ардагері мұндай ұзақ марафонға алғаш рет шыққанын айтады. Сәрсенбай Қотырашов Ұлытаудан 31 наурызда шықты. Жезқазған мен Қызылорданың арасындағы жол өте ауыр соғыпты. Керек-жарақ салынған шағын арбасын сүйреп, күніне 40-50 шақырымды басып өтіп келе жатырмын, дейді ақсақал.

Сәрсенбай Қотырашов, еңбек ардагері:

 Қолытау қорық мұражайында 10 жыл жұмыс істедім. Сонда шетелдің ғалымдарымен, өзіміздің ғалымдармен бірлесіп археологиялық қазбаларға қатыстым. Содан білемін мен Ұлытаудың тарихын. Астанадан бақылып отырады, қай жерге тоқтағанымды, давлениемді, температурамды, бәрін көріп отырады