Маңғыстаудағы яхт-клуб жабылмайды 

Маңғыстаудағы яхт-клуб жабылмайды 

Мұндағы яхт-клубтың жерді жалға алу мерзімі 49 жылға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан біраз бұрын облыстағы жалғыз туристік орталықтың жабылып қалуы мүмкін екенін айтқан едік. 50 жылдан бері халықты ашық айдында серуендетіп, еңбегімен адал нанын тауып жүрген мекеме жұмысын жалғастыра береді. Бұған дейін «жартасты соқпақ» туристік жобасы аясында бұл жердің абаттандырылуына байланысты түсініспеушілік туындаған еді. Қазір яхт-клуб өкілдері жазғы маусымға дайындалып жатыр.

Сергей Кулькин, яхт-клуб өкілі:

– Біз өз күшімізбен шағын қайықтарды ыңғайлы орналастыру үшін қажетті инфрақұрылымды, сондай-ақ су спорты мен ойын-сауықтың әртүрлі бағыттарын дамытуды жалғастырамыз. Бүгінгі күні қайықтар мен яхталарды жалға берумен айналысатын ұйымдар клуб аумағында негізделген, виндсерфинг, субсерфинг, вейкбординг, су шаңғысы, реактивті шаңғы секциялары ашылды, ал жақында халықаралық деңгейдегі «Scuba Schools International» дайвинг орталығы жұмысын бастайды. Сондықтан яхта клубы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болады.