ШҚО-да Убинка ауылы байланыс аясынан тыс жерде

Мына бір дөң басы тұрғындар үшін  сөйлесу пунктімен тең. Өйткені осы жерде ғана ұялы телефон анда-санда болсын желіге қосылып  тұрады.Кейбіреулер керекті адамымен хабарласу мақсатында осы жерге бірнеше шақырым жүріп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қызығы елде жоқ интернет,әкімдік беретін есеп-құжаттар бойынша «бар» боп көрсетілген.Ретрансляторлар орнатылған. Ол қызмет үшін  ауылдықтар тиісті төлемақыларын да үзбей төлейді.

Светлана Скитер, Убинка ауылының тұрғыны:

– Біз бір ұялы оператор арқылы арнайы құрал қойдық, сим карта сатып алдық, сол үшін  ақы да төлеп келеміз. Бірақ байланыс жоқ. 

Бақытжан Молдаханов, Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары:

– Осы жылдың қараша айына дейін жаңадан антена матчтар құрылғысын орнату жоспары тұр. Сол арқылы ұялы байланыс жақсартамыз деп, сонымен қатар интернет байланысын жақсарту мақсаты бар.

Жалпы облыс бойынша сапалы интернет пен ұялы байланысқа жарымай отырған 100-ге жуық ауыл бар.Бұған ғаламтормен қамтамасыз етуші компаниялардың жауапсыздығы себеп дейді маманадар. Өткен жылы ондай мекемелер 68 елді мекенге желі тарту керек еді,алайда 18 ауылды ғана қоса алған. Осындай сылбырлығы үшін оларға 10 миллион теңге айыпұл да салынған.  Ал Убинка ауылы  бойынша жуық арада мәселе толық шешіледі деп сендірді сала өкілдері.

Лариса Миллер, ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы бөлімінің  басшысы:

– Операторлармен кездесу өткіздік, Ол ауылда 1 шілдеден бастап  мобильді интернет жылдамдығы секундына 10 мегабиттен асатын болады.

Айтпақшы өлкеде енді әрбір шалғай ауылдағы  интернет байланыс-желісінің сапасын  «өңірлік сарапшылар комиссиясы» тексермек.

Авторлары: Эльмира Ахметова. Дмитрий  Пыхтин