Қарағанды фармацевтика зауыты «Спутник V» вакцинасын шығаруды тоқтатты

Қарағанды фармацевтика зауыты «Спутник V» вакцинасын шығаруды тоқтатты

Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, елімізде коронавирусқа қарсы 4 миллионнан астам вакцина бар. Сондықтан, «Спутник V-ді» сатып алу жоспарда жоқ. Себебі қазір 1,8 млн Sinopharm, 1,5 млн Pfizer, 800 мың доза отандық QazVac вакцинасы бар. Бұл көлем жеткілікті – дейді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.