Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғын үйдің пандусы жоқтығына қапалы

Сансызбай Қанатов бұған дейін ауылда ұлының қолында тұрыпты. Екі жыл бұрын зайыбы екеуі осы үйге көшіп келген. Пәтер кезегін 18 жыл күткен олардың қуанышында шек жоқ еді. Бірақ, үйге кіріп-шығуда қиындық көп екеніне кейін көз жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын мұқтаж жандарға осындай қоларба беретін. Қазір мұндай дүние жоқ. Құрылыста істеген тәжірибемді пайдаланып, осыны өзім жасап алдым,- дейді ол. 

Сансызбай Қанатов, қала тұрғыны:

Ана үлкен арбамен мынадан менің  мініп түсуім қиындау. Сосын амал жоқ. зырылдап кетеді. Міне, көрдіңіз, мына жерден ар жағында пандустың перилалары жоқ. Егер өзімді ұстай алмай қалатын жағдай болса мен кетемін ал.құлап. Дөңгелегі бар арбаңызбен қалай? Арбамен кіріп-шығу қиын болып тұр ғой... мынаның өзі жермен жексен болса, кірер едім жаңағы үлкен арбамен.

Бірінші топ мүгедегі Нұрлан Ермұханов та пәтер кезегін 16 жыл күткен. Бұл үйге әлеуметтік көмек көрсету орталығынан көшіп келді. Қазір жалғыз тұрады. Бұған дейін жеделсаты істен шыққанда бірнеше ай бойы үйден шыға алмаған. 

Нұрлан Ермұханов, қала тұрғыны:

Мына балкондарының есіктері 50 см, өте тар, балконға шыға алмаймыз. Ванналары биік, ваннаға да ыңғайсыз түсуге. Сосын 2-этаждан берді маған. Мен қарттар үйінен келдім мен бара алмадым айтуға бұларға карантин болып. Әбден аларда 2-ші  этаж деп тұр. Негізі 1-ші ден болғанда жақсы болар еді бізге. Лифт 1 күн істесе 3 күн істемей қалады кейде. Поликлиникаға бара алмай қаламыз. Скорый шақырсаң да лифт істемей қалады түсіру қиын болады төмен қарай. Сондай проблемалар бар біздерде.

Нұрлан Рахымжанов басшылық ететін компания кезектегілерге арнап салынған 10 үйге қызмет көрсетеді.  Оның айтуынша, бұл үйлердің ешқайсысында ерекше қажеттіліктері бар жандардың талабы ескерілмеген.

Нұрлан Рахымжанов, тұрғын үйді басқарушы мекеменің құрылтайшысы:

Менің ұсынысым қайта жасау бюджеттен бөлінген ақша болғандықтанр оны қайта жасау мүмкін емес. Мысалы мына жерге перила салып кету оған көп қаржының қажеті жоқ. Немесе жарықтандыру, кнопка вызова дейді домофонның, соны төменге түсіруге оны қаржыландырудың қажеті жоқ. Оған бюджеттен де қаржы бөлу қажеті жоқ. Әйтеуір, бір алға жылжу керек қой, мүмкіндік жасай беру керек.

Гүлмира Батпақұлова, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Бір подъезде тек уже 8 адам осындай кедергімен жолығып жатыр. План бойынша акиматтар біледі ғой, мына жылдың аяғында осындай мүмкіндігі шектеулі жандар квартира алады. соған сәйкес 2-3 квартира арбаға таңылған бәрі кедергісіз ыңайлы болса деп ойлап істесе екен. Мына Сансызбай ағамыз айтып жатыр ғой, терезе ашу арман деп. Ол да дұрыс емес, арман басқа болу керек мүмкіндігі шектеулі жандарда. Тәуелсіз өмір сүрейін, белсенді өмір сүрейін деп сондай өмірге талпынып жүруі керек.

Пандуста тұтқа жоқ, есік атаулыдан ену мүмкін емес, табалдырықтар тым биік. Бірақ, мамандар мұның бәрі жобаға толық сәйкес келеді дейді. Бірақ, қоларбамен қозғалуға мәжбүр тұрғындар айлап пәтерден шыға алмай жүр. Болашақта салынатын үйлерде бұл кемшіліктер жойыла ма? 

Асыланбек Ибасов, қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Жобаның аясында болса жасалынады. Жобаның аясынан тыс болса оны айта алмаймын. Собез дейміз ғой соның мамандары мониторинг группа қарайды, қабылдап алудың алдында. Пандустың сәйкестігі, есіктерінің ені, соның нормативтері бар, соған байланысты.

Аймақта әлі мың жарымдай мүмкіндігі шектеулі жан мемлекет есебінен берілетін пәтер кезегінде тұр. Ал, Орал қаласы бойынша жалпы кезектегілер саны 22 мың адам. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов