Ақмола облысында мал арасынан белгісіз індет тарап жатыр  

Ақмола облысында мал арасынан белгісіз індет тарап жатыр  

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, 8 ауданда 4 мыңға жуық ірі қара және 2 мыңдай қой мен ешкінің ауырғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы үш айда 20 шақты мал арам өлген. Ең көбі Ерейментау ауданында тіркелген. Ал төрт түліктің қандай індетке шалдыққаны әлі белгісіз. Ветеринарлар басында оны «аусыл» деп ойлап, сараптама жасатқан. Алайда бұл расталмапты. Одан кейін тағы бірнеше ауруға тексерткен. Бірақ оларды да зерттеу нәтижесі жоққа шығарып отыр. Дегенмен қолдан келген ем шараларын жасап жатыр.

Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Ол аурулар емес деген ғана бізге сараптама берді. Олар емес. Енді білмеймін. Біз енді айтып отырмын ғой, клиникалық жағдайына қарай симптоматикалық ем-дом жасап жатырмыз. Малдар жазылып кетіп жатыр. Егер де уақытында емдесе, бұл аурудан сондай ажиотаж шығаратын ауру емес.