Қарапайым еңбек адамдарының мүддесі қорғалуы керек – Кәсіподақтар федерациясы

Бұл Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің ұстанымы. Бүгін олар алдағы Референдумның маңыздылығын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы аймақтық штабтары Үйлестіру кеңестерінің онлайн отырысы өтті. «Халқымыздың тұрмыс жағдайын, білімін, еркіндігі мен мүмкіндіктерін көтере отырып, мемлекетіміздің дамуына жол ашатын бағытқа бет бұрдық» - дейді кәсіподақ өкілдері.

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Ата заңымызға енгізілетін толықтырулармен өзгертулерді толықтай қолдаймыз. неге десеңіздер ол ең бастысы мына еңбек адамының мүддесін қорғауға, еңбек адамының жағдайын жақсартуға арналған.