«Air Astana» әуе компаниясына – 20 жыл

«Аіr Astana» компаниясы жолаушыларының сеніміне селкеу түсірмеді. Қазақстандықтар мен қатар шетелдік жолаушылар арасында оның беделі ұдайы өспесе кеміген емес. 2002 жылдан бастап 60 миллион жолаушы жоғары сапа, қауіпсіздік және ыңғайлы стандарттары үшін "Air Astana" әуе компаниясына ерекше баға беріп отыр.

Александр Цой, саяхатшы, блогер:

Мен «Аіr Astana»-ны таңдаймын. Өйткені бұл ең керемет ұшақтары бар, жоғары қызмет көрсете алатын әуе компаниясы. Бұл бренд. Сондықтан, шынымен сенімді компания деп айта аламын.

Бұл әуе компания құқық бойынша Қазақстанның Азаматтық авиациясының флагманы болып табылады. «Air Astana» – Э КСПО-2017, Қысқы Универсиада және екі жыл қатарынан еліміздің паралимпиадалық құрамасының ресми әуетасымалдаушысы болды. Пандемия кезінде қазақстандықтар үшін Қытайдан, ал биыл Украинадан арнайы рейстер жасады. Ұшақтар паркі үнемі жаңартылып, «Boeing» және «Airbus» сынды Батыс өндірушілерінің экологиялық таза борттарымен толықтырылып отырады. Ал үш жыл бұрын «Air Astana» Қазақстандағы алғашқы «Fly Arystan лоукостерін  құрды. Бүгінде осы әуе саяхаты көптеген қазақстандық үшін қолжетімді.

Питер Фостер, Air Astana компаниялар тобының президенті:

Мен сіздерге сенім артқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.  Бүгінде «Аіr Аstana»  Орталық Азия мен Үндістандағы үздік компания. Біз 43 сыртқы және ішкі маршруттарды қамтамасыз етеміз. Қазір 37 әуе кемесі қызмет етеді. 2025 жылға қарай біз жайлы ұшақтар паркін 54-ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

«Air Astana» 20 жыл ішінде 5 мыңнан астам отандасымызды жұмыспен қамтыды.  Компания отандық ұшқыштарды даярлайтын жобаны сәтті жүзеге асырды.