Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған

Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған

Соңғы зерттеу бойынша 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың 20,6% артық салмақтың, ал 6,6% семіздіктің зардабын тартып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйенсек,  балалардың тек 30%  спортпен айналысады. Бұл өте төмен көрсеткіш дейді, - мамандар. Балалар арасындағы семіздік, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысында жиі кездеседі. Дәрігерлер балалар арасындағы артық салмақ көптеген қауіпті сырқаттарға түрткі болатынын айтады.

Жанар Қалмақова, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

Семіздікке ұшыраған балалар олар жас қосқан сайын қант диабет іне шалдығады. Жұқпалы емес ауруларға төрт ауру түрі жатады. Ол қан диабеті, жүрек қан тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, өкпе аурулары.