Елімізде омарташылар қолдауға мұқтаж

Елімізде омарташылар қолдауға мұқтаж

Елімізде млн тонна бал өндірілуі мүмкін. Ауқымды мақсатқа жету үшін омарташылар санын 100 мыңнан асыру керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде 12 мыңы бар. Биыл олар 10 мың тонна тәтті бал өндіруге бекініп отыр.

Омарташылар одағы президентінің орынбасары Ғабит Нұрәділдің айтуынша, аяқсыз қалған «Агробілім бағдарламасын» қайта жүзеге асыру қажет. Кәсіпкерлерді оқытып, қолдау көрсету арқылы омарташылыққа қызығушылықты арттыруға болады. Бұл берекелі кәсіп. Әр омарташы жылына 100 келі бал өндіретін болса, өндіріс көлемі 1 млн тоннаға жуықтайды. Осылайша Қытайдан кейінгі екінші нарыққа айналуымыз мүмкін.