Нұр-Сұлтанда жас жауынгерлер ант берді

Қазақстан мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштерінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – «Айбын» президенттік полкінің пандемиядан кейінгі алғашқы рәсімі. Көктемгі шақырылымға іліккен өрендердің ата-анасы да толқып тұр. Ал жас сарбаз курсынан өтіп, әскери қызметші атанған жауынгерлердің кеудесін мақтаныш кернеді. Себебі айрықша мақсаттағы күштердің сапында болу әркімге бұйыра бермейді. Олар алдағы уақытта Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін мемлекеттік-хаттамалық іс-шаралардың рәсімдік бөлімін атқаруға қатысады. 

Еркебұлан Тоқтамыс, қатардағы жауынгер:

Бүгін мен үшін және менің қарулас достарым үшін өте маңызды күн. Себебі Отан алдындағы қасиетті борышымызды осы мемлекеттік күзет қызметінде әскери борышымызды өтек бізге бұйырып отыр. Мен Шымкент қаласынан шақырылдым.