Еліміздің бес өңірінде спортқа бейімдеу орталықтары ашылады

Еліміздің бес өңірінде спортқа бейімдеу орталықтары ашылады

Еліміздің 5 аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдеу орталығы ашылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде «Жас жауынгер» клубының басшысы Садық Байымбетов мәлімдеді. Әзірге бұндай орталық елордада ғана бар. Онда 70-ке жуық бүлдіршін спорттың 5 бағыты бойынша шеберлік шыңдайды. Балалар күні қарсаңында көрсетілімдік жарыс ұйымдастырылып, оған бас-аяғы 20 бала қатысты. Олар бокс, күрес және армрестлинг бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған қоса, айтулы спортшылармен кездесіп, емін-еркін әңгімелесуге мүмкіндік алды. Бұндай форматтағы шараны алдағы уақытта тұрақты өткізу жоспарланып отыр. Өйткені бұл балалардың денсаулығын жақсартуға, басқа жағынан болашақ паралимпиада чемпиондарын даярлауға кермет мүмкін дейді маманлар.