Байқоңырда 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Байқоңырда 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Байқоңыр қаласында қазақстандық азаматтар үшін 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұл құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Олардың жалпы ауданы - 15 372,6 шаршы метр.

Айта кетсек, Байқоңырда 2019 жылы аталған бағдарлама аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта жеке инвесторлар арқылы балабақшалар салу мәселесін қаралуда. Бұл онда орын жетіспеушілігін болдырмауға жол ашады.

Облыс басшылығы тарапынан оған ынталы кәсіпкерлерді қолдау мәселесі қарастырылуда.

Алдағы уақытта Байқоңыр қаласындағы жылу-электр станциясы газға қосылады.

Бұған байланысты қала әкімшілігі қажеттілікті ескере отырып тиісті шараларды қабылдады.

Қазір Байқоңырда 75 мыңнан астам адам тұрады. Оның 66 проценттен астамы — қазақстандықтар.