Алматы облысында лауазым иелері сотталды 

Алматы облысында лауазым иелері сотталды 

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрын әкімдікте істеген 5 қызметкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лауазым иелері алаяқтық ісі бойынша сотталды. Оларға  2015-2020 жылдар аралығында жер телімдерін заңсыз берген және жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерткен деген айып тағылды. Тергеушілер жер телімімен байланысты 194 деректі айқындады. Сотталушылардың алды сегіз жылға, соңы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Төрт сотталушының мүлкі тәркіленді. Өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынды. Біреуі ғана рақымшылыққа ілініп, бас бостандығы шектелді. Әзірге үкім күшіне енген жоқ. Сондықтан сотталушылар  шағымдануға құқылы. Олардың заңсыз әрекеті Bek Air ұшағының Алматы әуежайының маңында болған апатынан кейін ашыла бастады. Бұл іс бойынша бұған дейін де кінәлілер жазаланды.