Ақмола облысында судьялар әдебі талқыланды

Судьялар әділ және жемқорлықтан ада болуы керек. Бурабайға еліміздің әр өңірінен жиналған судьялар әдеп кодексін жетілдіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға онлайн қатысқан АҚШ пен Нидерланд елінің сарапшылары озық тәжірибелерімен бөлісті. Алқалы мәжілістің ауқымды деңгейде ұйымдастырылуы да бекер емес. Себебі өз ісіне адал, кез келген даулы мәселенің туралығын дөп басып айтатын судья ғана халық сеніміне ие болады. Ал өрескел әрекетке жол берген судьялар жазаланады. Бұл саланы дамыту қажеттігін соңғы жылдары Мемлекет басшысы да жиі айтып жүр. Сондықтан мұндай басқосулардың маңызы зор, – дейді жиналғандар.

Айта кетейік, Қазақстанда қазір 2 жарым мыңнан астам судья бар.

Сәкен Абдолла, Қазақстан судьялары одағының төрағасы:

– Егер де судьялар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қараса және оны қараған кезде заң талабына сай болмай, өрескел заңбұзушылыққа жол беретін болса, онда бізде сот жюриі бар, соған материалдар жолданады да, ол жауапкершілікке тартылады. Жалпы талапты, этиканы бұзған судьялардың қызметтен кеткен жағдайлары да бар.