Артық салмақ қант диабетіне шалдықтырады

Ал елімізде сол артық салмақ салдарынан туындайтын ауруларды хирургиялық жолмен емдеп жүрген дәрігерлер бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – хирург Орал Оспанов. Ол еліміздегі бариатриялық және метаболиттік хирургия саласының үздік маманы. Бүгінде асқазан, ішек және басқа да органдарға күрделі операциялар жасап жүр. Тіс қаққан маман жас дәрігерлерге тәжірибені үнемі білім арқылы жетілдіріп отыру керек деп кеңес береді.

Орал Оспанов, дәрігер хирург:

Медицина саласында қызмет етіп келе жатқаныма 40 жылдан асты. Бірақ мен болдым, толдым деп тоқтап қалған емеспін. Себебі бұл сала үнемі ізденісті, білімді қажет етеді. Сондықтан қазіргі жас дәрігерлерге де айтарым, жауапкершілікті сезініп, заманауи тәсілдерді меңгеру қажет.

Саналы ғұмырын медицина саласына сарп етіп жүрген еңбекқор маманның бірі – Айғаным Кисибаева. Оны білетін жұрт екпе егудің хас шебері, дейді екен. 45 жылдық тәжірибесі бар мейірбике бүгінде, емханаға келген жас мамандарға білгенін үйретіп жүр.

Айғаным Кисибаева, медбике:

Қазірге қарағанда бұрын қиын болды. Жедел жәрдем деген жоқ. Шақыртуларға құралдарымызды алып алып, жаяу баратынбыз. Жас мамандарға білгенімді айтып, үйретіп жатырмын.

Дәрігердің бәрінен бұрын еңбекқор болуы қажет. Күн сайын өз-өзіңді жетілдіріп отыру маңызды. Себебі білімді жетілдіру университетпен аяқталмайды. Дәрігер қызметі барысында біліктілігін шыңдай береді. Аманатқа адал маман ғана адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алады. Біз сұхбат алған екі кейіпкер де осындай пікірде. 

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Артур Горшняков